Жарнама
Экономика

Қайда жұмыс бар?

Атырауда жыл басынан бері 6 500-ден астам адам жұмыспен қамтылды.

Бұл туралы Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

  • — «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде осы жылдың бес айында 6561 адам жұмыспен қамтылды. Жоба аясында 23 адам алғашқы жұмысқа жіберілсе, 44 адам қайтарымсыз грантқа ие болып, 157 адам қысқа мерзімді онлайн оқуға қатысты. Ал, 135 адам жастар тәжірибесіне, 355 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, деді А.Мәмбетов.

Сонымен қатар, басқарма басшысы 2641 адам қоғамдық, 3206 адам тұрақты жұмысқа орналасқанын жеткізді.

Айта кетейік, қазір жұмыспен қамту орталығының қызметтерін қашықтан пайдалануға болады. Осы мақсатта www.enbek.kz электронды еңбек биржасы мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс істейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button