Жарнама
Экономика

Экология мен жол мәселесі сын көтермейді…

Атырауда іссапармен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев осындағы транспорт цехына барып, еңбек ұжымымен кездесті.

Алдымен халық қалаулысы іссапар мақсатымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Осыдан кейін жиналғандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Өз кезегінде цех ұжымы бірнеше маңызды мәселені көтерді. Біріншіден, жылдан-жылға тартылып бара жатқан Жайықтың мәселесін шұғыл шешу қажеттігін алға тартты. Екіншіден, мұнайлы мекенде көлік логистикасын дамытуға көңіл бөлуді сұрады. Құрманғазы ауданы секілді Қызылқоғаға да теміржолдар мен стансалар қажет. Үшіншіден, теңіз жағасында қаулап өскен қамыстан құрылыс материалдарын жасап шығару жөнінде ұсыныс айтылды. Көтерілген проблемалардың қай-қайсысы да өзекті екенін айта келе, мәжілісмен барлығын да Парламент қабырғасына жеткізетінін айтты.

«Жайықтың мәселесі қазір республикалық деңгейде көтеріліп жүр, — деді ол. – Мен өзім Парламент қабырғасында соңғы уақытта экология мәселесін жиі көтеріп жүрмін. Соның ішінде, 30 шақырымға тартылып бара жатқан Каспий теңізінің жағасындағы тұзды дауылды болдырмау үшін сол жерге жасыл желек егу жөнінде депутаттық сауал жолдадым. Сол сияқты, 2030 жылға дейін елімізде 39 су қоймасы салынады. Бірақ, бұл жоспарда Атырау өңірі жоқ екен. Себебін сұрастырғанда, ыңғайлы орын болмағандықтан енгізілмепті. Қазір осы мәселені шешумен айналысып жатырмын.

Жол мәселесіне келсек, бүгінде Атырау-Астрахан мен Индер-Қарабау жолдарын салуға қажетті қаражат бөлінген. Енді жол салу жұмыстарын жеделдету керек. Атырау-Астрахан тасжолының 9 шақырымы пайдалануға берілді, енді 25 шақырымы дайындалуда. Бір әттеген-айы, мердігер мекемелердің бірінің қателігінен құрылыс жұмысы тағы бір жылға созылатын болды».

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button