Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Жаңа қаулы: Атырауда карантиндік шектеу шаралары жеңілдетіледі (Толық нұсқа)

Шектеу карантиндік шаралары
және оларды кезең-кезеңімен
жеңілдету туралы

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Атырау облысының тұрғындарына:
1) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмектің 103 номеріне қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну;
2) қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті;
3) 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алуды, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі;
4) барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде кию тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс беріледі;
5) көпшілік іс-шараларды өткізуге, соның ішінде үйде өткізуге тыйым салынсын;
6) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, облыс халқы демалатын алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, парктерде және өзге де демалатын орындарда 3 адамнан артық топталып жиналуға тыйым салынсын.

  1. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қамтамасыз етсін:
    1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру:
  • шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптарды сақтау.
  • шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлері вахтадан шығу (кіруі) кезінде CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаты болған кезде CОVID-19-ға ПТР тестілеуге жатпайды және оқшауланбайды.
  • екпе алмаған, CОVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар тұлғалар карантиндік стационарда 7 күн оқшауланады.
    2) Вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 12 қыркүйектегі №38 қаулысының №38 қосымшасының талаптарына аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен міндетті түрде келісе отырып сәйкестендіру.
    3) Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №55 қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары Теңізде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшылардың шығуына (кіруіне) қойылатын талаптарды сақтаумен эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын.
  1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар қамтамасыз етсін:
    1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді;
    2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, оған қоса вахталық әдіспен жұмыс жасайтын кәсіпорындардың жұмысшылары вахтаға кірер алдында 7 күндік оқшаулау және CОVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс нәтижесі болған жағдайда) үшін міндетті түрде ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет);
    3) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасына енгізілмеген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу, COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік жедел штабтар қабылдайды;
    4) жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында «қарбалас сағаттарда» қоғамдық көлік санын ұлғайтуды;
    5) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;
    6) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерін, меншік нысанына қарамастан субъектілердің қызметкерлерін кемінде 50% — ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру ұйымдар, офистер қызметкерлеріне қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда егілмеген қызметкерлер арасынан пайыздық арақатынасын ескеріп жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
  2. Тыйым салынсын және мынадай шектеу шаралары енгізілсін («Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда):
    1) көпшілік іс-шараларды (мерекелік, көпшілік мәдени іс-шараларды, корпоративтерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
    2) жабық үй-жайдағы балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), көрмелердің, цирктердің, түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, лоторея клубтарының, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің, банкет залдарының (ас берулерді өткізу үшін және дәмхана, мейрамхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсетулерді қоспағанда) қызметіне;
    3) діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) толтырылуы 30% — дан аспайтын және бір келушіге кемінде 4 м2 қамтамасыз ете отырып, жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етілсін.
    4) көрермендерімен спорттық іс-шараларды өткізу толтырылуы 15%-дан артық емес;
    5) жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу, оффлайн режимде өткізбеу;
    6) медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялар алдын ала жазылу бойынша;
    7) мәдени объектілердің (репетициялар) жұмысы 30 адамға дейін;
    8) театр, кинотеатр, концерт залдары, филармониялардың жұмысы толтырылуы 20%-дан артық емес;
    9) облысаралық, қалааралық тұрақты емес (туристік) жолаушылар тасымалдарына толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес.
  3. «Ashyg» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілерге осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жұмыс жасауға рұқсат етілсін:
    – жұмыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін;
    – демалыс күндері – сағат 00.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат етуді қамтамасыз етсін.
    Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды.
  4. «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінің өлшемшарттарына сәйкес қызметке рұқсат етуді,осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс режимі бойынша шектеусіз қызметіне рұқсат етуді қамтамасыз етсін.
  5. Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын, «Ashyq» жобасына қатысушылардың салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуі кезінде персоналдар мен келушілерде 100% «жасыл мәртебенің» болуын және 70 орыннан асырмай толтырылуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын. Мониторинг кестесіне сәйкес күнделікті тексеруді және облыс әкімдігі мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
  6. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін:
  • «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысы талаптарының орындалуын;
  • облыс бойынша Үйлестіру орталықтарының жұмысын жандандыру, карантиндік шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын;
  1. Атырау облысының Полиция департаментіне:
  • шектеу шараларын сақтау үшін патрульдер ұйымдастырсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталса, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына дереу материалдар жіберу.
  1. Атырау облысының Ішкі саясат басқармасына:
  • облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін.
  1. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 тамыздағы №19 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы», 2021 жылғы 27 тамыздағы №21 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 тамыздағы №19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы», 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №22 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 тамыздағы №19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.А.Бекешеваға жүктеймін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің орынбасары Г.Ирбатырова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button