Вакцина алып, ақша ұтқан атыраулықтарға 8 миллион теңге тапсырылды

whatsapp image 2021 09 07 at 14.22.13 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Атырауда «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол» акциясының 6-7 кезеңдерінің жеңімпаздарына қаржы сертификаттары табысталды» деп хабарлайды atr.kzАтырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Тамыз айының 21-31 аралығында екпе алғандар үшін 200 мың теңгелік он сертификат және​ тамыз айының 1 мен 31 аралығында екпе алғандар арасында 1 миллион теңгелік алты сертификат ойнатылып, ұтыс иелерін анықталған болатын.

whatsapp image 2021 09 07 at 14.22.11

1 миллион теңге ақша ұтқандардың бірі Жомарт Жұмабеков. Қаржылай сертификат тапсыру шарасына оның жұбайы Айнұр Фазылова келді.

«Ақша ұтамыз деп, мүлде ойламадық. Тіпті, бастапқыда сенбедік те. Барша атыраулыққа осындай қуаныш тілеймін» дейді Айнұр.

Еске сала кетелік, Атырауда «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол»

​ акциясы жалғасуда. Аталмыш акцияның басты жүлдесі 10 млн теңге қазан айында ойнатылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз