Дезинфекция қалай жүріп жатыр?

pragn COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 10 шілде, 2020 жыл. Атырауда тұрақты түрде залалсыздандыру жұмыстарымен айналысатын құрылымдардың бірі – «AG Disinfection services» ЖШС. Індетке қарсы шара­лар қарқын алған тұста аталған мекеменің қызметі ерекше маңызға ие болуда.

 Серіктестік директоры Нұрлыбек Ахмедияровтың айтуынша, биыл бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен барлығы 65 млн. теңге қаражат бөлініп, оның тең жартысынан аста­мы немесе 38 млн. теңгесі шілде айына дейін игерілді. Қалғанын жыл аяғына дейін толықтай игеру көзделген. Мердігер мекеме өзінің жұмысын дезинфекциялық, д е з и н с е к ц и я л ы қ , дератизациялық және крамациялық бағыттарда жүргізеді.

Осылайша, мұндағы мамандар микроағзаларды, жәндіктерді, кеміргіштерді жо­юдан өзге, қалдықтарды утили­зациядан өткізумен де айна­лысады. Жүйелі жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, бірінші кезекте, масалардың таралу ошақтарын залалсыз­дандырып, олардың көзін азайтудың мүмкіндігі туды.

– Біздің қызметіміз мұнымен шектелмейді. Ар­найы мамандандырылған ме­кеме ретінде Атырау қаласы әкімдігінен басқа, Атырау халықаралық әуежайы, «АТМА» АҚ, «Атырау-Ав­топарк» және «Ақжайық- Ав т опарк» ЖШС- т ері сияқты шаруашылық жүргізу құқығындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерімен келісім- шартымыз бар.

Сонымен бірге, COVID-19 індетіне қарсы жұмыстар жүргізу жөнінде көптеген мемлекеттік және жекеменшік ұйымдармен де осындай жұмыстар жүргізіледі. Соған сәйкес, дезинфектор-мамандар ұшақтардың борттарын, автобустардың салондарын, кеңселер мен жұмыс орын­дарын, үйлерді, қысқасы, ко­ронавирус ошағы болып та­былуы ықтимал жерлердің бәрінде қызмет көрсетеді, – деді Нұрлыбек Оразұлы.

Маусымдық жұмыстардың мезгілінде серіктестік жүз адамға дейін жұмыс күшін жұмылдырады. Бірнеше ондаған бірлік арнаулы тех­никаны жұмысқа тартады. Бүгінгі таңда мекеменің теңгерімінде желдеткіштерді, дезинфекциялық камера­ларды, крематор аппарат­тарын тазартуға арналған жабдықтар, вентиляторлық бүріккіштер, қуаттылығы ж о ғ а р ы , а э р о з о л ь д ы термогенераторлық құрылғы- қондырғылар, ыстық тұман генераторы тәрізді замана­уи технологиялар бар. Олар доңғалақты трактордың және автокөліктің үстіне орнатылған.

Тағы бір жағымды жаңалық, залалсыздандыру шарала­ры кезінде қолданылатын п р е п а р а т т а р д ы ң б е с түрі («Таза үй» тауарлық белгісімен) осы кәсіпорынның өзінде шығарылады. Мұны айғақтайтын Бірыңғай кедендік одақтың арнайы куәлігі берілген. Бұл бір жағынан өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, көрсетілетін қызмет сапасының сақталуына да кепілдік береді.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз