АТЫРАУДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР КҮРТ КӨБЕЮДЕ

photo 320796 Жаңалықтар

Атырау облысындағы 2022 жылғы 13 қантардағы эпиджағдайды ұсынамыз.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей:

Соңғы тәулікте 243 адам COVID-19 жұқтырды. Инфекциялық стационарларда 363 науқас емделуде. Реанимацияда COVID-19 диагнозымен 10 науқас жатыр, қайтыс болғандар жоқ. Бір науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал, 341 пациент үй жағдайында емделуде. Аталған аурудан 14 адам емделіп шықты.

Covid-19 қарсы  вакциналардың I компонентімен 260 357, ал екіншісімен 243 149 адам егілді. 3204 адам Pfizer екпесін салса, 11 837 адам қайта вакциналанды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз