Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Вакцина алған ауысым жұмысшыларына ПТР сынағын тапсыру міндетті емес

«Енді вахталық әдіспен жұмыс істейтін компаниялардың вакцинацияланған қызметкерлері жұмысқа кетер алдында және ауысым аяқталған соң ПТР тестінен өтпейді», деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Әлия Бекешева айтты.

— Бұл мәселе бойынша вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардан көптеген шағымдар түсті. Енді жаңа қаулыға сәйкес, олар үшін кіру мен шығу алгоритмі жеңілдетілді. Сонымен қатар, екпе алған барлық қызметкерлер ауысым аяқталғаннан кейін оқшауланбайтын болады», — деді спикер

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button