Теңіз кен орнының инфекциялық стационарында коронавируспен емделіп жатқан науқас жоқ
Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде 5 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Атап айтқанда, Атырау қаласында 2, Теңіз кен орнында — 1, Құрманғазы ауданында 2 адамнан анықталған.
Екі науқаста ауру тиісті белгілермен, ал үш адамда ауру белгілерсіз өтуде. Соңғы тәулікте коронавирустық инфекциядан 5 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта облыс бойынша үйде 80, модульдік ауруханада — 57 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда — 13. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда коронавирус жұқтырған бірде бір пациент жоқ.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы — «жасыл» аймақта.