Коронавирустан 90 пайыз қорғайды: Қазақстан жаңа вакцинаны сатып ала ма?

0 6 COVID-19: Соңғы поштадан...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков Pfizer және BioNTech компанияларының жаңа вакцинасын сатып алуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білесіздер, бұл жайында бұқаралық ақпарат құралдарында кеше ғана жарияланды. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бұл мәселе шұғыл түрде пысықталады. Осы бағытта біз кешенде қадамдарды ескеріп отырмыз, себебі отандық вакцина бар, сондай-ақ ресейлік әрі өзге де екпелер тексеруден өтуде.

Аталған вакцина тіркеулен өткеннен кейін, осы бағытта тиісті шараларды іске асырамыз. Бұл ретте Pfizer компаниясымен және тең құрылтайшысымен қажетті жұмыстарды жүргіземіз», – деді Асылбеков Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, алдын ала нәтиже көрсеткендей, ғалымдар коронавирустан 90% қорғайтын тиімді вакцинаны жасап шығарды. Pfizer және BioNTech әзірлеуші компаниялар бұл оқиғаны ғылым мен адамзат үшін ұлы күн деп атады.

Клиникалық сынақтарға әлемнің алты елінде 43500 адам қатысып, оның еш жанама әсері болмады. Әзірлеушілер жаңа вакцинаны қараша айының соңында қолданып көрмек. Сол үшін жедел сертификаттау процедурасына өтініш беруді жоспарлап отыр.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз