Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Антирекорд: Атырау облысында бір тәулікте 342 адам коронавирус жұқтырған

Коронавирустық инфекциямен ауырғандар көрсеткіші бойынша Атырау елімізде бесінші орында тұр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 254 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 19 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында — 18, Индер ауданында — 17, Исатай ауданында — 8, Қызылқоға ауданында — 9, Құрманғазы ауданында — 4, Мақат ауданында — 6, Махамбет ауданында-7 адам анықталды.

Коронавирус инфекциясы бар 225 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 114 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 1723 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 200, екінші облыстық ауруханада-190, фтизиопульманологиялық орталықта-88, кардио орталықта-107, т/ж ауруханасында-48 ,
аудандық инфекциялық стационарларда-226. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда-88 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта орналасқан және жұқтырған науқастар саны бойынша бесінші орында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button