«ЖАСЫЛ ЕЛ» – ЖАРҚЫН БАСТАМА

Осы күзде ауданда өтіп жатқан тазалық, көркейту-көгалдандырудың екі айлығы кезінде «Жас Отан» жастар қанаты және «Дендер» қоғамдық жастар бірлестігі мүшелерінің қатысымен қатарынан екі апта бойы Жайықтың жағасы тазаланды. Қоршаған ортамызды көгалдандыруға бағытталған кезекті сенбілікте кент басындағы мекеме, кәсіпорын ұжымдары аулалары мен парктерде тал егіп, игілікті іс атқарды. Әсіресе, бұл жұмыс тәуелсіздік жылдары салынып, шәкірттеріне есігін айқара ашқан «Көктем» қазақ орта мектебінде жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Арнайы ашылу салтанаты өтіп, тал егуді мектеп ұжымы және ата-аналары ән шашумен, мерекелік көңіл-күймен бастады.

Жалпы, бұл «Сенің атаулы ағашың» акциясы аясында өткізілген сенбіліктің барысында Индербор кенті бойынша 850 түп тал отырғызылып, жасыл аймақтың ауқымы кеңейе түсті. 

Сүйеу ХАЛЫҚОВ,
Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз