Науқастар қатары азаюда

img 20200730 wa0050 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының карантиндік провизорлық инфекциялық бөлімшесінде 10 дәрігер, 25 медбике, 19 тазалықшы қызмет етуде.

Негізі мұнда науқастарға 90 орын қарастырылған. Қазір елдегі аты жаман індетпен 54 науқас емделуде. Бір қуанарлығы, тіркелген науқастар саны уақыт өткен сайын азаю үстінде.

      Әр істің өз маманы, майталман шебері болады десек, дімкәс жандарды дұрыс емдеп, қалыпты жағдайға келуіне себепші адам, әрине, есімдерін алтын әріппен жазуға лайық медицина мамандары. Осыны бар жан-тәнімен түсінген аудандық Аналар кеңесі мен аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығарып, аталған аурухана ұжымына шұбат, қымыз, жеміс-жидек, сүт өнімдерін табыстады.

      Қиын кезде демеушілік көрсеткен жандарға аурухананың бас дәрігері Амантай Арыстаналиев ұжым атынан үлкен алғыс айтты.

Лиза СЕЙТІМОВА

img 20200730 wa0052
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз