Тағы 431 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді
16 қаңтар күні Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь және Өзбекстан елдерінен барлығы 14 халықаралық әуе рейсі ұшып келді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте елімізге шетелден 2 031 жолаушы ұшып келген. Олардың 1600-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 431 адам келген, барлығы да ҚР азаматтары.
Атап айтқанда: — Алматы қаласының әуежайына – 8 халықаралық рейс қонды, 1 123 жолаушы, оның ішінде анықтамамен – 923, анықтамасыз — 200; — Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 471 жолаушы, анықтамамен — 416, анықтамасыз — 55; — Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 242 жолаушы, анықтамамен — 120, анықтамасыз — 122; — Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 195 жолаушы, анықтамамен — 141, анықтамасыз – 54.
«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ министрлік ақпаратына сәйкес, 15 қаңтар күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 216 азаматының тест нәтижесі белгілі болды. Оған сәйкес, барлық жолаушыда коронавирусқа тест теріс нәтиже көрсеткен.
Еске салайық, 14 қаңтар күні «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсінің – 1, «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан коронавирус анықталған болатын.