САРАПТАМА: Екпе алу қаншалықты қауіпсіз?
Коронавирусқа қарсы екпе салынатынын естіген жұрт екі ойлы болып, елеңдегені рас. Тіпті, ел арасында «екпені мәжбүрлі салғызады» деген қауесет тарап, біраз дүрлігіп те қалды. Алайда, оның жалған сөз екендігі анықталып отыр.
Екпені әр адам ерікті түрде ғана алады. Біз бұл орайда тәжірибелі дәрігерлердің ойларын білген едік. Медицина саласында 40 жылға жуық еңбек еткен Байтұрсын Құрман еш күмәнсіз екпені алғашқылардың бірі болып алатынын айтты.
- – Ұжымдық иммунитет деп жатырмыз. Бұл иммунитет адамдар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір кісідей екпе салдырғанда қалыптасады. Өз басым екпені бірінші болып аламын, – дейді дәрігер.
Ауру ешкімді алаламайды
Індеттен аман қалудың жалғыз жолы – үйде отыру. Аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана сыртқа шығып, ара қашықтықты сақтап, бетперде тағып, антисептик қолдану. Бұл қарапайым ережелердің өмірімізге енгеніне біраз болды. Алайда, әлі к ү н ге д е й і н п а н д е м и я ғ а ат ү с т і қарап, той тойлап, жиындар өткізіп жүргендер бар. Бір адам аурухана төсегінде қиналып жатқан сәтте, енді бірінің той-томалақта жүруі қазір шектен шыққан әрекет саналады. Ахуал ешкімнің «еркелігін» көтермейді, «тойып с екірс еңіз» індет ілмегіне алады. Одан арғысын айтудың өзі қорқынышты…
Мақсатымыз біреуді қорқыту емес, керісінше көмек көрсету. Елге ой салып, қауіптің алдын алу. Өткен жылдың жаз айындағы жағдай, күн сайын жеткен қаралы хабарлар, ауруханада тыныс алу құрылғылары жетпей ажалмен арпалысқан адамдардың бейнесін әлі де ұмытқанымыз жоқ.
Былтыр шілде айында әкесінен айырылған құрбымның былай дегені бар: «Аяқтай жүрген әкем, бір күннің ішінде жоқ болды. Жүрек талмасы ұстап, өмірден өтті. Зират басына барып келе жатырмын, әп дегенде таба алмай қалдық. Үш күннің ішінде жанындағы бос жатқан жерлер төмпешікке айналған. Қатты қорқып тұрмын…».
Иә, қорымдардың зиратқа толып, қабіршілердің құнын пұлдаған қасіретті күндерді де бастан кештік. Б ұ л в и ру с т ы ң б ү к і л ә л е м ге ә л бермейтінін білдік. Өкініштісі, ол пандемияның соңы болмады. Бірақ, адамдар неге өткеннен сабақ алмады? Бізді толғандыратын да осы.
«Дәрігер де дәрменсіз…»
Арқаны кеңге салуға әлі ерте. 40 жылға жуық еңбек өтілі бар, жалпы тәжірибелі дәрігер, рентгенолог, физиотерапевт Байтұрсын Құрман т ұ р ғ ы н д а рд ы м ә с е л е ге с а л ғ ы рт қарамауға шақырады. Оның «Дәрігер де дәрменсіз болады екен» деп коронавирус туралы айтқан естелігі кімге болмасын ой салатындай. Ақ халатты абзал жан ауру асқынбасын десек, адамдардың екпе алуы керектігін ескертеді.
- – Б ы л т ы р ғ ы м ау с ы м – ш і л д е айындағы жағдайды ойласам еңсем түседі. Дәрігер бола тұра, өмірімде м ұ н д а й д ы б а с ы м н а н ө т ке р е м і н деп ойладым ба?! Маусымның 20-нан бастап жағдай ушығып, вирус жұқтырғандар саны еселеп артты. Күніне алдыма 50-55 науқас келді. Мұндайды бұрын кинофильмдерден ғана көретінбіз. Қаншама дәрігер жауынгердей жанкештілік танытты. Бірақ, біз жаумен емес, аурумен «соғыстық».
Қолмен ұстағанда ілінбейтін, көзге көрінбейтін құбыжық. Ең қауіптісі де сол еді. Шілде айынан бастап еңбек демалысына өтініш беріп қойған болатынмын. Халық аурумен арпалысып жатқанда қайдан демалыс болсын. Науқастар үйіме дейін іздеп келді. Кейін отбасымның қауіпсіздігі үшін онлайн ем тағайындауға көштім. Қ а н ш а с а қ т а н ғ а н м е н б ол м а д ы . Жолдасым мен балаларым вирус жұқтырып, ауыр өткерді. Ем жасайтын дәрі жоқ, қырық градус ыссылықта дәріханаға 2-3 сағаттап кезекке тұрып, құр қол қайтқан кезім де болды, – деп бір күрсініп алған дәрігер елді індет жайлап, ішерге дәрі таппаған тұста дәрменсіз қалғандарын жасырмады.
«Екпені бірінші болып аламын»
Індеттің ушыққан тұсында халыққа ем жасаған Байтұрсын ағаға бүгінде алғысын айтып жүргендер аз емес. «Сіздің шипаңыздың сыры неде еді?» деп сұрақ қойған болатынбыз, «Бастысы – науқастың сенімі» деп жауап берді ол. Коронавируспен ауырып тұрған адамның бойында иммунитет яғни, антидене пайда болып, оның ағзаны 8 айға дейін вирустан қорғайтынын ғалымдар жарыса айтуда. Кейіпкеріміз «қазіргі жағдайдың өткенмен салыстырмалы түрде тұрақты болуы да содан» дейді.
- – Нақты емі болмағандықтан 8-10 күндеп қызуы түспеген науқастар болды. Өз басым әр адамның ауру белгілеріне қарай отырып, көпшілігіне вирусқа қарсы дәрілерді қолдануды ұсындым. Біздің де біліктілігіміз сыналған шақ болды ғой. Ол күндер артта қалғанына қуанамын. Әйтсе де, қазір індеттен сақтап жүрген бетперде мен арақашықтық екенін е стен шығармайық. Осы сақтық шараларының арқасында бұрынғы ж а й т ұ м ау б а с ы л д ы . Н е г і з і н е н тұмаудың толқыны қараша, қаңтар, наурыз айларында байқалатын. Биыл санитарлық талаптар күшейтілген соң, былтырғымен салыстырғанда науқастар саны аз. Ал, коронавирусты қоғамнан аластату үшін жаппай екпе салынуы керек, – деді дәрігер.
Жасанды иммунитет қалыптасады
Қазір ел екпе алудың мән-жайын т а л қ ы л а п ж а т ы р . М ә ж б ү р л е п , міндеттеу арқылы екпе салынады екен деп қауесетке сеніп жүргендерде де жоқ емес. Осы айда алғашқы санатқа кіретіндерді вакциналау басталды. Инфекциялық ауруханалардың медицина қызметкерлері, жедел жәрдем қызметі мамандары, санитарлықэпидемиологиялық мамандар, алғашқы медицина лық көмек көрс ететін дәрігерлер, қабылдау бөлімінің мамандары екпе ала бастайды. Шамамен 100 мың адамға жуық азамат вакцинаны қабылдайды.
Ал, екінші кезеңде мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орны ұстаздары мен ведомстволық медицина қызметі мамандары 1 наурыздан бастап қабылдайды. Одан кейін сәуірде үшінші кезең басталып, шамамен 600 мыңға жуық азамат екпе алмақ. Жалпы, жыл соңына дейін шамамен 6 млн. қазақстандықты вакциналау жоспарланған. Бүгінде « С ә л і м ж а н и К » жекеменшік емханасында қызмет ат қ а р ат ы н ж а л п ы т ә ж і р и бе л і дәрігер Амандық Жақанов та адамдар жалған ақпаратқа ермей, екпе алу керектігін айтады.
- – Өмірге келген балаға алдымен туберкулезге қарсы, ал екі айға толысымен профилактикалық екпелер салына бастайды. Туберкулез, қызылша, сал ауруларына қарсы екпе алудың нәтижесінде, бүгінде мұндай аурулар бәсеңсіді. Сол секілді коронавирусқа қарсы екпе де бізге ауадай қажет. Ол адамның ағзасында жасанды иммунитет қалыптастырады. Ғалымдар Еуропа бойынша миллиондаған адам шығынына алып келген оба індетіне қарсы осылай екпе ойлап тауып, аурудың жайылуын тежеген болатын. Туберкулезге қарсы екпе де өмірімізге осылай енді емес пе? Ендеше, сынақтан өткен екпеден қорқуға еш себеп жоқ.
Бүгінде бізге адамдар алдын-ала өздеріне диагноз қойып келетін болды. Интернеттен оқып алады да, дәрігердің қойған диагнозымен келіспей, өзі бәрін біліп келгендей болады. Бұлай жасау үлкен қателік. Интернет сайттарда барлығы дұрыс жазылмайды. «Ковидқа қарсы екпе алған адам қайтыс болды» деген жалған ақпарт та жұртшылық арасында жылдам тарап, жағымсыз пікірлер тудырған еді. Сондықтан, кез-келген ақпаратқа сеніп, шешім қабылдамау қажет, – дейді Амандық Әзиұлы.
Түйін:
Соңғы кездері вирус жұқтыру көрсеткіші әлем елдерінде ушығып барады. Италияның қатаң карантиндік ережені қайта енгізуінің себебі – елдегі жағдай мәз емес, тәулігіне 1500-ға жуық адам індет жұқтыруда. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» дедемекші, коронавирустың британдық штамы деген пайда болды. Әлем елдері індетке қарсы екпе ойлап тауып, клиникалық тексеруден өткізіп жатыр. Қазақстандық вакцина да сынақтың үшінші кезеңінен сәтті өтуде.
Қазір «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деп қарап отыратын сәт емес. Ковидтің алдында хан да, қара да бір. Сондықтан, сақтанған ғана сау жүреді. Бізді індеттен құтқаратын бір ғана жол барын білеміз, ол – екпе.
Мәлике ҚУАНЫШЕВА