Гүлназ ҚОСМҰРЗИЕВА, волонтер: «Жақсылық жасап жарысайық»

putin podpisal ukaz o dne volontera foto COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Президент мәлімдемесінде елдегі ахуал мен шынайы картина нақты айтылды. Иә, әлемдегі, мемлекеттегі жағдай әлі де сақтық шараларын ұстанып, кейбір нәрселерге шектеу қоюға тура келетінін айқын аңғартып отыр.


Әуелден-ақ қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсетіп, қамқорлық танытуды дәстүрге айналдырған қазақ халқы бұл жолы да бірікті. Кәсіпкерлер әлеуметтік осал топтар мен алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге демеу болса, волонтерлар өз еріктерімен мұқтаж жандарға көмектесуді тұрақты түрде жалғастырып келеді. Мұндай еріктілер штабы біздің Атырау облысында да құрылған болатын. Шатб жетекшісі Айгерім Досқалиеваның бастамасын көпшілік қолдады. Әлеуметтік желілерде жарияланған хабарламаны Біріккен Ұлттар ұйымы да көріп, бізге 200 мың теңге қаражат аударды.

Сөйтіп, әркім өз мүмкіндігіне қарай қаражат аударып, түскен ақшаға мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін тараттық. Негізінен, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тізіміндегі осал топтарға апарып бердік. Кейін бізге хабарласқан қиналған жандарға да қол ұшымызды создық. Сенесіз бе, біз бастапқыда 500 мың теңге қаражат жиналғанда қуанып едік. Сонан соң бізді қолдап, сенім білдіргендердің қатары көбейгенін жақсылыққа баладық.

Кейбіреулері көлікпен тасымалдауға көмектесетінін айтты. Сөйтіп, қатарымыз артып келеді. Қайырымды жандардың арамызда аз еместігіне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Азық-түлік себеттерінің де сапалы болғанын қаладық.


Біздің штабтың құрылғанына айға жуық уақыт болды. Күні бүгінге дейін бәріміз бірге 600 мұқтаж отбасыға көмек көрсеттік. (247 отбасыға біздің қордан, 353 отбасыға кәсіпкерлердің көмегімен). Ол үшін 3 034 931 тг жараттық. Үш аптада 3 млн теңгеден астам қор жинадық.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз