Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Сақтандырылмаған азаматтарға медициналық қызмет қалай көрсетіледі?

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалына жиі келіп түсетін сұрақтардың бірі ол жұмыс істемейтін,  МӘМС-ке жарна төлемейтін адамдарға қандай медициналық қызмет көрсетіледі?

«Егер сіз МӘМС жүйесінде әлі сақтандырылмаған болсаңыз, бірақ емдеуді қажет етсеңіз, уайымдамаңыз. Сізге ешкім алғашқы және шұғыл медициналық көмектен бас тартпайды, өйткені оларға мемлекет тегін медициналық қызметтер пакетінде (ТМККК) кепілдік береді» — деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов.  

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес мемлекет ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмекке кепілдік береді.

Нақты неге кепілдік беріледі?

  • Жалпы практика дәрігерінің (учаскелік дәрігер/терапевт) қабылдауы мен консультациясы, фильтр — кабинет медицина қызметкерінің алғашқы көмегі.
  • Мобильді бригаданы және жедел жәрдемді, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып шақыру.
  • COVID-19 емдеу
  • Тәулік бойы стационардың қабылдау бөліміне өз бетінше жүгіну.
239736586 2029869877

Сізге сондай-ақ қол жетімді:

  • Дәрігерге дейінгі кабинет-жыл сайын флюорографиялық зерттеуден өту
  • Салауатты өмір салты бойынша алдын алу бөлмесі
  • Репродуктивті денсаулық бойынша кеңес беру
  • Әлеуметтік маңызы бар, негізгі созылмалы және қоғам үшін қауіпті, динамикалық байқауға жататын аурулар кезіндегі консультациялық-диагностикалық қызметтер
  • Паллиативті көмек

Сізде әрқашан МӘМС жүйесінде сақтандырылуға және сақтандыру пакетінде медициналық қызметтердің максималды көлемін алуға мүмкіндік бар. Ол үшін ай сайын медициналық сақтандыру қорына жарналар/аударымдар енгізу қажет.

239946625 2029869940

             «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button