Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

«Қызыл аймақ» жағдайында Атырауда мейрамханалар жабыла ма?

Атырау «қызыл аймаққа» кірген жағдайда мейрамханалардың жұмыс уақыты шектеледі деп хабарлайды Atr.kz

Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте айтты.

«Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау «қызыл аймаққа» енетін болса, мейрамханалардың жұмыс атқару уақыты шектеледі. Біз өткен жылдың жаз мезгіліндегі жағдайды ұмытпауымыз керек. Той, садақа сынды шаралардың салдарынан қаншама адам ИВЛ аппаратында жатып, көз жұмды. Осы ауыр жағдайды естен шығармауға, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын» деді Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button