COVID-19: Соңғы поштадан...
Қазақстандағы коронавирустың келесі толқыны аса ауыр және өлім-жітім көп болады
Бізде карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Бірақ, арқаны кеңгесалудың қажеті жоқ. Қазақстандағы кезекті толқын аса ауыр және өлім-жітім жағдайы көп болады.
“Мұны көрші Ресейдегі қазіргі жағдай бойынша бағалауға болады”-деді ресейлік демограф-зерттеуші Алексей РАКШ.
Демограф-зерттеушінің айтуынша, өткен аптада Ресей Федерациясындағы өлім көрсеткіші пандемия тарихындағы, жалпы соғыстан кейінгі ең жоғары статистика болып тіркелді.
Оның айтуынша, қазан айында өлім 235-240 мың адамға жетеді, орташа айлық норма 148-149 мың, Ресей Федерациясында қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны 800 000 адамнан асты.
Ratel.kz