ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА АТЫРАУЛЫҚТАРҒА КОРПОРАТИВ ӨТКІЗУГЕ РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ?

55627abf 0bfd 4b21 928a 7199579e18ea COVID-19: Соңғы поштадан...

Егер өңір «жасыл» аймақта болса, онда мерекелік және корпоративтік іс-шаралар өткізуге тыйым салынбайды. Бұл туралы брифинг барысында айтылды, – деп хабарлайды atr.kz

Атыраулықтар мейрамханалардағы жаңа жылдық корпоративтердің күнін белгілеп, орындарға ертерек тапсырыс беруде. Қандай жағдайда корпоративтік кештер өтеді? Бұл – облыс тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі. 

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешева 10 желтоқсанда күшіне енетін шектеулер туралы түсіндірді. 

Қаулы бойынша Атырауда коронавирусқа байланысты жаңа жылдық корпоративтерге толық тыйым жоқ.

«Егер облысымыз » жасыл » аймақта болса, онда мерекелік және корпоративтік іс-шараларды өткізуге тыйым салынбайды. Банкеттерге «жасыл» мәртебесі бар келушілер ғана қатыса алатыны және

қонақтар саны 100 адамнан аспауы туралы айтылған», – деді Әлия Бекешева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз