Атырауда кей сыныптарда қашықтықтан оқыту жалғасады

1 23 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Онлайн форматта оқу – ата-ананың ерікті қалауы негізінде үшінші тоқсанның аяғына дейін жалғасады» деп хабарлайды Atr.kz

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлімдеді.

«Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 7 наурыздағы №4 «Атырау облысының шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына сәйкес, облыс мектептерінің бірқатар сыныптары біртіндеп дәстүрлі форматтағы оқуға көше бастады. Дегенмен, ​ кей ата-аналардың пандемия жағдайына байланысты, дәстүрлі оқу форматына толық​ дайын болмау жағдайлары​ да кездесуде.

Әрине, білім ұйымдары Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына бағынады. Дегенмен, баланың ​ денсаулығы, өмір қауіпсіздігі барлығынан маңызды. Осы ретте, ата-ана баланың қауіпсіздігі үшін, онлайн форматта білім алуды жалғастыруды​ қалайтын болса, онда үшінші тоқсанның соңына дейін кей сыныптарда қашықтан оқыту форматы қала беретінін айтқым келеді» делінген Атырау облысы білім басқармасының телеграмдағы ресми каналында жарияланған мәліметте. ​

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз