Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Министр мен депутаттарға екпе салына ма және қашан?

Денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелеріне вакцина қашан салынатындығын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Олар мемлекеттік қызметкерлермен тең дәрежеде вакцинациялауға жатады. Ал бұл кезең медициналық қызметкерлер, мұғалімдер қауымы, әскери қызметкерлер толыққанды вакцинациялаудан өткен соң жүзеге асырылады, сонымен қатар өзге де мемлекеттік қызметкерлерге екпе салу көзделген, — деді бас санитарлық дәрігер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бұл кезең болжам бойынша, наурыз айының соңы және сәуірдің басы болуы тиіс.

Біз ол кезде қолжетімді кез-келген вакцинаны қолданатын боламыз. Сірә, бұл — «Sputnik V» болады — деді ол.

1 ақпанда Қазақстанда ерік білдіргендерді жаппай вакцинациялау науқаны басталды. Қазірдің өзінде 20 мыңға жуық медициналық қызметкер коронавирусқа қарсы екпе алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button