Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина

Маңызды! Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

«Өткен тәулікте Атырау қаласының өзінде 51 адамнан қауіпті індет анықталды. Облыс бойынша 75 адам коронавирусқа шалдықты» деп хабарлайды Atr.kz

Оның ішінде, скрининг нәтижесінде Теңіз кенішінен 10 адамнан инфекция расталды. Осылайша, кен орнындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді.

Инфекция Жылыой ауданы бойынша 2, Индер ауданында 1, Құрманғазы ауданында 5, Махамбет ауданында 6 тұрғыннан анықталып отыр. Қазіргі уақытта індет 48 адамда симптомды түрде өтуде.

Еске сала кетелік, бүгінгі уақытта облыс бойынша 242 емделуші үй жағдайында, 147 науқас модульдік ауруханада, 37 адам аудандық стационарларда ем алып жатыр. Теңіз кенішінде 266 науқас емделуде.

Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау «қызыл аймақта» қалып отыр.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте инфекциядан 67 жергілікті тұрғын емделіп шыққан.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button