COVID-19: Соңғы поштадан...
Кубада «Омикрон» жұқтырған алғашқы науқас тіркелді
Кубада «омикрон» штамын жұқтырған алғашқы науқас тіркелді.
Ол қараша айының соңында Мозамбиктен келген екен.
Келісімен екінші күні дене қызуы көтеріліп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Птр тесттың нәтижесі бойынша науқастың коронавирус дертіне шалдыққаны анықталды.
Қосымша зерттеу жұмыстарынан кейін оның «омикрон» штамын жұқтырғаны белгілі болды. Қазір ер адаммен қарым-қатынаста болғандардың барлығы карантинде оқшауланды.