Атырауда бір топ медицина қызметкерлеріне «Жанқиярлық күресі үшін» медалі табысталды

9efedf17 b2df 4ad7 8b6c 3da79160cf87 COVID-19: Соңғы поштадан...

Медаль COVID-19 індеті кезінде  еңбек еткен  медицина қызметкерлеріне берілді.

2377e57e e015 4e89 944f a51ea73dc8dc

«Ақжол» ҚДП облыстық филилалының ұйымдастыруымен өткен шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев және партия белсенділері және аудандардағы партия өкілдері онлайн режимде қатынасты.

Партияның облыстық филилалы төрағасы Ермекқали Юсупов медицина саласы мамандарының  еселі еңбегін айрықша атап, аталған марапаттың шығу тарихынан хабардар етті. «Коронавирус індетімен күресте алдыңғы қатарда болып, белсенділік танытқан ақ халатты абзал жандардың еңбегін бағалап, «Ақ жол» партиясы президиуымының ұйғаруымен «Жанқиярлық еңбегі үшін» медалі шығарылды» деді ол.

ec127249 bd13 4663 b209 493ac06a991f

Сала қызметкерлерін қолдау, еңбектерін елеу мақсатында бұл медаль осыған дейін де 10 қызметкерге тапсырылса, бүгінгі жиында 12 медицина саласы мамандарына табысталды.

Мәжілісмен Серік Ерубаев та өз сөзінде денсаулық сақтау саласында еселі еңбек етіп жүрген жандар қай құрмет, марапатқа да лайықты екенін атап: «Партияның депутаттық фракциясы  Үкіметке ковид аймағында қызмет етіп жүрген медқызметкерлерге лайықты жалақы төлеу туралы сауал жолдады» деді.

bbbff901 f853 413d ad95 d5d055a80d23

Салтанатты шараға шақырылған сала мамандары да ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, атақ, марапат алу үшін емес, қауіпті індетті жеңу, халық саулығын сақтау жолындағы жұмыстарын әлі де жалғастыра беретіндерін атады.

Г.Әмірова,

Суреттерді түсірген Е.Алтыбаев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз