Дәрігер коронавирустан емделіп шыққан атыраулықтар туралы айтып берді
- Ауыз-мұрнымды бетпердемен тұмшалап, қорғаныш киімін кигенім сол еді, тынысым тарылып, ауа жетпей қинала бастадым. Ал, «лас аймаққа» қарай қозғалған кезде бойымды тер жуып кетті. Сол сәтте, жанымда тұрған мейірбикеге «таң атқаннан кеш батқанға дейін осындай киіммен жүресіздер. Сіздер бүгінгі күннің батырлары екенсіздер ғой» дедім оған. Иә, қатты ыссылықта да жабық ғимарат ішінде арнайы киіммен жүретін, қауіпті індетпен бетпе-бет келетін олардың еңбегіне басқаша баға беру мүмкін емес еді. Өзіне індетті жұқтырып алуы мүмкін екенін біле тұра, қиналған жанға қолын созып, ажал аузындағы науқастарды арашалап қалып жатқан ақ халаттылардың еңбектері жоғары құрметке лайық. Бұған біз №1 облыстық аурухана жанындағы қауіпті індеттің ауыр түріне шалдыққандар емделген инфекциялық стационарға барған сәтте де көз жеткіздік.
А т а л ғ а н с т а ц и о н а р меңгерушісі Қуат Есекенов алдымыздан шығып, «лас аймаққа» кіру өз еріктеріңізде. Бүгін үйлеріне шығарылатын жəне оңалту бөліміне ауыстырылатын науқастар бар. Жолығамын десеңіздер, ертіп апарайық» деп сақтанған сау жүретінін айтты.
Дегенмен, ауруханаға келгесін жағдайды көзбен көруді мақсат етіп, аймақтағы аса ауыр науқастар емделген бөлімшеге қадам бастық. Біз бас сұққан алғашқы бөлмеде 3 əйел адам үйлеріне кетуге əзірленіп отыр екен. Ауруларынан айыққанымен бойларынан əлі де əлсіздік, «аяққа тұрып кетемін» деген үміт пен «қайталап сырқаттанып қалмаймын ба?..» деген үрей байқалды.Дегенмен отбасымен аман-есен қауышқалы тұрған олардың қуаныштары қойындарына сыймай тұрғандай. Керісінше, ауруханадан үйіне орала алмай, орта жолда үміттері үзілгендер де аз емес еді. Иə, бұл індетті жұқтырған кім-кім де бір жұтым жұпар ауамен терең дем алып, өмірдің лəззатын татқысы-ақ келер…
«ЕКІНШІ РЕТ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІМ»
Бөлменің төр жақ бетінде жатқан науқас – 51 жастағы жеке кəсіпкер Райхан Құспанова. Оның емдеп, аяққа тұрғызған дəрігерлерге айтатын алғысы көп екен.
– М е н і б ұ л ау р у х а н а дəрігерлері екінші рет дүниеге əкелді. Тамыз айында сырқатым дендеп, əл-дəрменім құрып, осы жерге арбамен келген едім.
Көпшілік жерге барғаным жоқ. Індетті қайдан жұқтырғаным белгісіз. Өкпемнің 50-ден астам пайызы зақымданып, тыныс алуым қиындады. Дəрігерлердің көмегінің нəтижесінде міне, сіздердің алдарыңызда аман сау отырмын, — деді емделуші.
ЖАҒДАЙЫ АУЫР НАУҚАС
Ал, келесі бөлмеде жатқан науқастың жағдайы ауырлау болып шықты. Бұл оның оңалту бөліміне келген кезі екен. Бір бөлмеде ауруымен арпалысыпжатқан жанды көргенде індеттің қаншалықты қауіпті екендігін бағамдауға болады. Сондықтан, науқастың сауығуын іштей тілеп, əрі қарай кете бардық. Инфекциялық стационардың қалған бөлмелері бос. Кереуеттер жинастырылып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дəрігер Қуат Есекенов стационар ашылған шілде айынан бері бұл жерде 446 адамның ем алғанын айтты.
– Былтырмен салыстырғанда биыл түскен науқастардың жағдайы жақсырақ болды. Ауырған науқастар арасында жас шамасы 50-ден асқандар көп кездессе, індетті жұқтырғандардың 99 пайызы вакцина алмағандар, — деді стационар меңгерушісі
ӨМІРДЕН ӨТКЕН КІМДЕР?
О с ы л а й ш а , в и р у с жұқтырғандардың саны күрт көбейген шілде айында гинекология, урология секілді 7 бөлімшеге қызмет етіп тұрған аурухананың б і р б ө л і г і и н ф е к ц и я л ы қ стационарға айналған. Бас дəрігері Ербол Иманғалиевтің айтуынша, аурухана жанындағы инфекциялық стационар індетті жұқтырған аса ауыр науқастарға арналып ашылыпты. Сондықтан, теміржол жəне №2 облыстық ауруханадағы жағдайы төмен науқастар осында ауыстырылған.
– К о р о н а в и р у с т ы қ инфекцияның өршуіне байланысты облыстық ауруханада 230 кереует дайындалып, оның17-сі жансақтау бөліміне арналды. Барлығы 234 медицина қызметкері, оның ішінде 55 дəрігер осы жерде күнтүн демей қызмет етті. Ауыр жағдайдағы науқастардың өкпесінің зақымдану көрсеткіші 50 пайыздан жоғары болды. Тіпті 90 пайызға дейін асқындырып к е л г е н д е р д е к е з д е с т і . Қ о л ы м ы з д а н ке л г е н і н ш е көмек қолын созғанымызбен ем қонбағандықтан, кейбір науқастар өмірден өтіп кетті. Басым бөлігі дертінен айығып, үйіне оралды. Соңғы қалған 4 емделушінің бірі сауықтыру мақсатында «таза аймаққа» ауыстырылса, қалғандары үйлеріне шығарылады. Сол себепті стационар жабылуда. Ендігі жерде аурухана өзінің көпсалалы қызметіне кіріседі, яғни жоспарлы оталар мен қабылдауларды көбейтеміз, — деді Ербол Зейноллаұлы.
Аурухананың бас дəрігері ко р о н а в и р у с ж ұ қ т ы р ы п , өмірден өткен науқастардың қосымша созылмалы дерттері болғанын айтты. Əсіре се, жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті мен онкологиялық сырқатқа шалдыққандардың індетке қарсы күресуге шамасы жетпеген. Олардың тыныс алуы қиындап, коронавирус асқынған.
ӨЗ БЕТІНШЕ ЕМДЕЛУДІҢ СОҢЫ
Мамандар тұрғындардың ауру əбден асқынғаннан кейін ғана дəрігерге қаралатынын айтады. Бұл вирусқа қарсы екпе алу, санитарлық талаптарды сақтау секілді алғышарттарды елемеген адамдардың, қала берді үй жағдайында емделетіндердің б а с ы н а н ө т ке р і п ж ат қ а н жағдай. Мəселен, Алматыдағы С.Ас фенди яров атын дағ ы ҚазҰМУ медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлімінің меңгерушісі Динара Маханбетқұлова жуырда өткен онлайн брифинг барысында ауруханаға науқастардың ауыр халде түсу себебін түсіндірген болатын.
– Бүгінде кейбір науқастар үйлерінде өз бетінше емделе бастады. Оның соңы адам денсаулығының нашарлауына əкелуде. Қандай да бір ауру белгісі білінсе уақыт оздырмай дəрігерге қаралу керек. Коронавирустың белгісі – түшкіру, мұрын бітелуі, жөтел, дене қызуының көтерілуі, буындардың сырқырауы жəне тағы басқалары. Бұл белгілер ЖРВИ мен тұмауға да тəн. Оларды ажырату үшін бірінші кезекте дəрігерге хабарласу қажет. Тəжірибе көрсеткендей, қазір бұл ауру белгілеріне ішек инфекциясы қосылды, — деді Динара Маханбетқұлова.
ТҮЙІН:
Иә, соңғы уақытта коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеп, карантиндік талаптар жеңілдей бастады. Бірақ бұл арқаны кеңге салу дегенді білдірмейді. Өйткені біз барған ауруханадағы көңілсіздік көп нәрсені ұғындырғандай.Адамдардың «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегендері» жөн екенін тағы да ойға түйіп қайттық. Коронавирус – ешкімді аямайтын, аса қауіпті вирус. «Індеттің беті қайтты» деп салғырттық танытқандар сан соғып қалуы мүмкін. Ал, ауру асқынса насырға шабатыны белгілі.
Мəлике ҚУАНЫШЕВА