Коронавирус: Атырауда «көк» мәртебесі бар азаматтар 10 желтоқсаннан бастап сауда орталықтарына кіре алмайды

5vj2wvuw8dn60zzhfv3e ps8pt06b90q51egc4au0 COVID-19: Соңғы поштадан...

10 желтоқсаннан бастап Атырауда сауда және ойын-сауық орталықтарына «Ashyq» қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады.

Азаматтардың «жасыл» мәртебесі қоғамдық орындарда жұмыс күндері де, демалыс күндері де тексерілетін болады.

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтылды.

Шектеулер келушілерге де, қызметкерлерге де қатысты.

«10 желтоқсаннан бастап жұмыс және демалыс күндері сауда орталығына кіру қызметкерлер мен келушілер үшін қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда ғана қолжетімді болады », – деді Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз