Алтыншы күн «жасыл аймақта»: Атырауда коронавирустан 109 адам емделіп шықты
Атырау облысында өткен тәулікте 38 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 13-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 23 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 2 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 8-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 109 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 151 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 69 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 22, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 278 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.
Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты бүгін, алтыншы күн — Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.