
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Коронавирус: Атырау облысы қайта «сары» аймаққа өтті
27 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.
Қалған өңірлер — «жасыл» аймақта.
Еске салайық, 25 ақпанда Атырау облысы «жасыл» аймақтан «сарыға» өткен болатын. 26 ақпанда «жасыл» аймаққа қайта кірді.
«Қазақпарат»