Иммундық жүйеге салмақ түсірмеу керек
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Эльмира Битанова коронавирустың алдын алу шараларын ұстанудың маңызы жайлы айтты.
«Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы препараттың жоқ екенін бәрімізге белгілі. Бірақ, бәрімізге жақсы таныс алдын алудың қарапайым ережелері мен шарттары бар. Бұл кезеңде циркадты ырғақтың жұмысын: уақтылы ұйықтау және демалыс, күн тәртібін дұрыс сақтау өте маңызды екенін атап өткен жөн.
Екіншіден, күйзелісті жағдайлардан аулақ жүру қажет. Барлық дерттерді дер кезінде емдеп, аурудың алдын алу. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн. Дұрыс тамақтану әдетін ұстанған маңызды. Иммундық жүйеге салмақ түсірмеу керек. Мәселен, алкоголь тұтыну мен темекіні шектен тыс қолдануды, т. б. шектеу қажет. Тек осындай жағдайда ғана иммундық жүйені қалыпты жағдайда ұстауға болады. Пандемия кезінде бұл мәселелер одан да айқын бола түсті»,– деді дәрігер Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында.
Алдын алу шараларына қатысты Э.Битанова қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықты сақтаудың аса маңыздылығы мен жұқтыруды болдырмау үшін бір ғимаратта шоғырланудан аулақ болу қажеттігін атап өтті.
«Атап өткен ережелерден басқа, коронавирустың алдын алудың өте қарапайым шараларын ұстану қажет. Өз басым бұл талаптарды кейбір адамдар ғана сақтайтынын байқап жүрмін. Адамдардың бір жерде шоғырлануы, әсіресе, қыс маусымында жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Біз суықта далада көп жүре алмаймыз, сондықтан адамдар ғимарат ішіне жиналады. Санитар дәрігерлердің бізге айтып жатқан ережелерін сақтау керек. Және тек солай ғана біз вакцина пайда болғанға дейін инфекцияны баса аламыз», –деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, ол ЖРВИ белгілері болған жағдайда үйден шықпай, дәрігерді үйге шақыру керектігін жеткізді. Өзін-өзі емдеумен айналыспай, балалар мен отбасының қарт мүшелерін бөлек бөлмеде оқшаулау арқылы қорғау керек.
«coronavirus2020.kz»