Айыппұл неге өндірілмеді?

5a2af412ade7ecf047a191823a3e84665e64c254 Жаңалықтар

Құзырлы органдарды әкімшілік айыппұлдың уақытылы өндірілмейтіні қинап отыр. Облыстық прокуратура ұйымдастырған «дөңгелек үстелде» осы мәселе ашық айтылды.

5a2af412ade7ecf047a191823a3e84665e64c254

Облыстық прокуратураның   аға прокуроры Мерген Меңдіғалиевтің айтуынша, бұған енді Әкімшілік кодекстегі өзгерістердің ықпалы тимек. Соның бастысы, қысқартылған іс жүргізу тәртібінің қолданылуы. Бұл құқық бұзушыға айыппұл сомасының 50 пайыз мөлшерін 7 тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.

– Қазіргі уақытта бұл ереже әкімшілік айыппұлдардың уақытылы өндірілуіне оң әсерін тигізуде. Мәселен, жол-патрульдік полиция анықтаған құқық бұзушылықтардың 80 пайызы қысқартылған іс жүргізу тәртібі бойынша қаралып, орындалуда, – дейді прокуратура өкілі.

Алайда, айтпай кетпейтін мәселе бар. Жергілікті жерде 64 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Соның нәтижесінде 1,5 млрд. теңге көлемінде айыппұл салынса,  41,4 пайызы ғана өндіріліп отыр. Яғни, 634 млн. теңгесі мемлекет қазынасына түсіпті.

Облыстық ІІД әкімшілік полицияның әкімшілік-тәжірибелік бөлімінің бастығы Досай Жұпқалиев мұның себебін транзитті автокөлік жүргізушілердің әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты салынған айыппұлдарды өтемейтіндігімен, төлем қабілетінің жоқтығымен түсіндірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз