Елордалық оқушылар Pfizer вакцинациясы туралы айтты
Елорда мектептерінде оқушыларды коронавирусқа қарсы Pfizer препаратымен вакцинациялау жүргізілуде. Иммундау ерікті түрде өтуде. Балаларының екпе алуы кезінде ата-аналары бірге қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Оқушылар вакцинация алу қажеттілік екенін айтып отыр. Олар қалада, көшеде еркін жүруіне мүмкіндік береді дейді. «Бүгін мен коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинациясын алдым. Аздап толқып едім, әйтеуір бәрі ойдағыдай өтті. Енді керісінше, қауіпті індеттен екпе алу арқылы қорғана алатынымызға қуанып тұрмын», — деді мектеп оқушысы Ольга Бутакова. Оның анасы Юлия Бутакова да елімізде коронавирустан қорғайтын екпе балаларға кезекпен салынып жатқанына ризашылығын білдірді.
«Менің балам Pfizer вакцинасын алады. Мен мектеп қабырғасында вакцинация жүргізілгеніне өте қуаныштымын. Мен Pfizer вакцинасына сенемін, сондықтан менде бұл туралы толқулар жоқ», — деді ата-ана Әсемгүл Әбдіхалықова.
Сынып жетекшісі Зейнеп Естімесованың айтуынша, оқушыларының вакцинациялануы басқа балаларға үлгі болды.
Еске сала кетейік, елордада 15 қарашада Pfizer препаратымен жүкті, бала емізетін аналарды және балаларды вакцинациялау басталған болатын.