Covid-19: Атырауда бір тәулікте 20 адамнан анықталды

196793ac c7f5 4fe6 aade c78b2d17d475 COVID-19: Соңғы поштадан...

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекция жұқтырған 20 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 12 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 5 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда: Исатай ауданында – 1, Қызылқоға ауданында – 1, Құрманғазы ауданында – 1 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 13 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 7 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 62 адам емделді.

Қазір 214 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 91, екінші облыстық ауруханада – 2 пациент,

аудандық инфекциялық стационарларда – 23. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 52 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз