Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Египеттен Атырауға ұшып келген жолаушылардан қауіпті инфекция анықталды ма?

«21 желтоқсан күні Атырауға Шарм-эль-шейх қаласынан ПТР сынамасы жоқ 34 жолаушы ұшып келді», — деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Қазіргі уақытта барлық жолаушыдан коронавирус жұқпасына сынама алынды. Зерттеу нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетіп,  олардан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 21 желтоқсан күні  өңірге Египеттің Шарм-эль-шейх қаласынан  барлығы 150 жолаушы ұшып келген. 


Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға 14 — 21 желтоқсан аралығында «Амстердам-Атырау» бағытында бірінші кезекте 91, кейін 52 жолаушы келген еді. Оның 2-інде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарға жатқызылды. Олардың ПТР сынамасы қорытындысында COVID-19 жұқпасы анықталған жоқ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button