Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

CОVID-19: Тағы бір облыс «қызыл аймаққа» енді

Ақмола облысы коронавирус бойынша қауіптіліктің «қызыл аймағына» кірді. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты.

«Бүгін біз қауіптіліктің «қызыл аймағына» кірдік. Әзірге карантинді күшейткен жоқпыз, алдағы ведомствоаралық комииссия отырысында қарайтын боламыз. Жалпы, ведомствоаралық комииссияның шешімімен бірқатар жеңілдетулер болды. Мәселен, сағат 23:00-ге дейін қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі ұзартылды. Алайда, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан соң, біз одан әрі жеңілдетуді тоқтаттық», — деді облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.

Сонымен қатар, ол алдағы уақытта карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкіндігін де атап өтті.

«Карантиндік шектеулерді күшейту бойынша біз талдау жүргізіп, байқайтын боламыз. Қазіргі кезде тәулігіне 61 адамнан анықталуда. Әдеттегідей, Көкшетау қаласында көп тіркелуде», — деп толықтырды А.Мусина.

Айта кетсек, өткен бір тәулікте Көкшетау қаласында 28 жағдай тіркелді, Степногор қаласында – 12, Бұланды ауданында – 6, Сандықтау ауданында – 5, Ақкөл ауданында – 3, Жақсы ауданында – 3, Біржан сал ауданында – 2, Есіл ауданында – 1, Бурабай ауданында 1 жағдай анықталды.

Қазіргі кезде, науқастар Егіндікөл ауданынан өзге барлық ауданда анықталды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясовтың мәліметінше, ресми статистика бойынша өңірде қараша айында коронавирустан 5 адам қайтыс болған.

«Қайтыс болғандардың барлығы хәл үстінде жатқандар, яғни жасы ұлғайған, қант диабеті тәрізді дертпен ауырғандар», — дейді Сүлен Ілясов.

Айта кетейік, бүгін ҚР Үкіметінің басшасы Асқар Мамин ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізді. Кеңесте коронавирус бойынша «қызыл аймаққа» — 5, «сары аймаққа» 2 өңір еніп отырғаны айтылды.

«coronavirus2020.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button