ШҰҒЫЛ!!! Атырауда қылмыстық топ ұсталды…

img 20220218 wa0146 Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер заңсыз қару сақтаған 9 адамнан құралған қылмыстық топты ұстады.

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау қаласы аумағында түрлі атыс қаруларын заңсыз сақтау мен тасымалдаумен айналысқан 9 адамды анықтап, ұстады. Олар 23-27 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындары. Тексеру кезінде 1996 ж.т., күдіктіден серия нөмірі өшірілген тапанша, ал 1997 ж.т., күдіктіден травматикалық тапанша тәркіленді. Сондай-ақ, Сәтпаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінде орналасқан қоймадан 3 дана атыс қаруы мен 2 дана шолақ мылтықтар мен оқ-дәрілер тәркіленді. Қазіргі таңда бір атыс қаруы өткен жылы Алматы қаласында орын алған пәтер ұрлықтарының бірінде жоғалған қару ретінде тіркелгені анықталды, тәркіленген барлық қаруға сараптама тағайындалды.
Күдіктілердің екеуі бұрын да қарумен жасалған бұзақылық фактісі бойынша істі болғандығы анықталды.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз