Covid-19: Атырауда бір тәулікте 51 адамнан анықталды
Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 51 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 32 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында — 3 адам, Исатай ауданында — 2, Құрманғазы ауданында — 7, Махамбет ауданында — 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 31 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 20 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 102 адам емделді.
Қазір 448 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 101, екінші облыстық ауруханада – 48 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда — 37. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 66 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы — «сары» аймақта.