201022140850881a3709525i

Әуе рейстерімен келетін қазақстандықтарға қосымша шектеулер енгізілмек

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/22 қазан, 2020 жыл. ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов халықаралық әуе рейстеріне қосымша енгізілетін карантиндік шектеулерге қатысты түсініктеме берді.

«Осы жылдың 26 қазанынан бастап Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін барлық жолаушыларда, оның ішінде Қазақстан азаматтарында мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін 72 сағаттан артық емес уақытта ПТР әдісімен COVID-19-ға арналған тест өткені туралы анықтама болуы керек.

Айта кетерлігі, 5 жасқа дейінгі балалар ПТР сараптама анықтамасынан босатылады. Осыған орай шетелге барып келуді жоспарланған немесе қазіргі уақытта шетелде жүрген қазақстандықтар осы талапты ескеруі қажет», – деді Садуақас Байғабылов.

«coronavirus2020.kz»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған