Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 30 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 21 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда: Исатай ауданында – 4, ал Мақат ауданында – 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 17 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 13 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 9 адам емделді.
Қазір 233 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 106, екінші облыстық ауруханада – 5 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 31. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 68 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.