Атырауда вакцина алғандар арасында 6 миллион теңге ойнатылады

sputnik v vakcina COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысы Азаматтық Альянсының атынан ұтыс ойынына 1-31 тамыз аралығында вакцина алған адамдар қатысады, деп хабарлайды atr.kz Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 6 қыркүйек күні сағат 18.00-де «Caspian news» телеарнасының тікелей эфирінде Атырау облысы Азаматтық Альянсының ақшалай сыйлықтарының ұтыс ойыны өтеді.

Ұтыс ойынына 1-31 тамыз аралығында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның I немесе II компонентін алған адамдар қатысады. Бүгінде Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының деректер базасында қатысушылар саны 87 252 адамды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, жалпы жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Айдың әр онкүндігінде 200 мың теңгелік 10 сертификат ойнатылады. Қазан айында 2021 жылдың 1 ақпаны мен 30 қыркүйегі аралығында вакцина алғандар арасында 10 миллион теңгенің  ұтыс ойыны өтеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз