Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...

Covid-19: Атырауда бір тәулікте 19 адамнан анықталды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 19 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 10 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 8 науқас анықталды.

Облыс аудандарында COVID-19 ауруының төмендеуі байқалады.
Қызылқоға ауданында 1 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 12 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 7 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 17 адам емделді.

Қазір 548 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 111, екінші облыстық ауруханада – 52 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда — 38. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 68 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймақта.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button