Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

COVID-19: Атырауда 2919 адам үйінде емделуде

Атырау облысында бір тәулікте 584 адам COVID-19 жұқтырған.

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 584 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 350 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 73 науқас анықталды. Ал, 43 — Жылыой ауданында, 20 —  Индер ауданында, 10 — Исатай ауданында, 30 —  Қызылқоға ауданында, 15 — Құрманғазы ауданында, 15 — Мақат ауданында, 15 науқас — Махамбет ауданында анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 330 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 254 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 44 адам емделді.

Қазір 2919 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  — 46, модульдік ауруханада — 159, фтизиопульманологиялық орталықта — 23 адам, аудандық инфекциялық стационарларда — 48. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 543 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Реанимация бөлімшіде ӨЖЖ аппараттарына 2 науқас қосылған деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 819 адам ем қабылдауда.
Жүктеме 34,7 % құрайды (2360 төсек-орынға).

Реанимация бөлімшелерінде 11 пациент жатыр, оның ішінде ӨЖЖ аппараттарына 2 науқас қосылған. Жүктеме 10,4 % (106 орынға) құрайды.

Атырау облысындағы 2022 жылғы 19 қантардағы эпиджағдай бойынша ақпарат:

✅Соңғы тәулікте 584 адам COVID-19 жұқтырды;

✅ 819 науқас инфекциялық стационарларда ем алуда;

✅ COVID-19 анықталған 11 науқас реанимацияда жатыр;

✅ Реанимация бөлімшіде ӨЖЖ аппараттарына 2 науқас қосылған;

✅ Соңғы тәулікте COVID-19 — дан 2 науқас қайтыс болды;

✅ 2919 пациент үй жағдайында емделуде;

✅ 44 адам СOVID-19-дан емделді;

✅ Covid-19 қарсы  вакциналардың I компонентімен 261 911 адам егілді;

✅ COVID-19 қарсы вакциналардың II компонентімен 244 855 адам егілді;

✅ Pfizer екпесін салғандар 3 794 адам

✅ Қайта вакциналанған 15 519 адам.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button