Жайықтағы балықтың қырылу оқиғасын Ішкі істер министрлігі бақылауға алды

f5e4e0747a9098e2 Жаңалықтар

Atr.kz/16 наурыз, 2019 жыл. Жайық өзенінде балықтық жаппай қырылу оқиғасын ҚР ІІМ тексеретін болады.

«Жайықтағы балықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша Атырау облысы полция департаменті 2 қылмыстық істі тіркеді. 29 қаңтарда қылмыстық істер ҚР ІІМ Тергеу департаментіне берілді», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іс Ішкі істер министрлігі басшысының бақылауына алынған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында балықтың қырылғаны туралы бірнеше ақпарат жариялаған болатынбыз.

20190313132334

Нақтырақ айтқанда, өткен жылдың желтоқсан айының басында Атырау қаласының сыртындағы Перетаск шағын өзенінде балықтардың жаппай қырылу оқиғасы тіркелген еді. Арада апта өтпей Атырау облысындағы Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылғаны анықталған.

Айта кетейік, Атырауда Жайық өзенін балық өлекселерінен тазарту шаралары қолға алынды.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз