
COVID-19: Соңғы поштадан...
Covid-19: Атырауда 23 науқастың жағдайы ауыр
Атырау облысында коронавирус жұқтырған 23 науқастың жағдайы ауыр.
Реанимация бөлімшелерінде 5 адам ӨЖЖ аппараттарына қосылған, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 275 адам ем алуда. Жүктеме 11,7% (2 352 төсек-орынға) құрайды. Реанимация бөлімшелерінде 23 пациент жатыр, олардың 5-і ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Жүктеме 25,5% құрайды (90 орынға).