Атыраулық ірі кәсіпорындар медициналық мекемелерді қажетті құралдармен қамтыды

61 big COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖШС  өңірде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын медициналық құрал-жабдықтарды сатып алды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сатып алынған құралдар аймақтағы медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл тізімде  бір рет қолданылатын қорғаныс костюмдері, медициналық маскалар, реанимация және тыныс алу құралдары, 2  жедел жәрдем көлігі және т.б. бар.

– Жаһандық пандемия біздің елімізді де айналып өтпеді. Осы жағдайда отандастарымыздың өзара бірлігінің куәсі болдық. Сол себепті де, біздің компания алдағы уақытта да көмек қолын созуға дайын, – дейді  «ТШО» компаниясының  үкіметпен және жұртшылықпен  байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Айта кетейік, бұдан бұрында  «НКОК» компаниясы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне қосымша медициналық жабдықтар сатып алған еді.  Сондай-ақ, аталмыш компания алдағы 4-5 айда  халықаралық  алты  дәрігерді жергілікті ауруханаларда медициналық көмек көрсетуге шақырды.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-any%d2%9btal%d2%93an-49-zhasta%d2%93y-%d3%99jel-covid-19-indetin-%d2%b1sha%d2%9bta-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93an-boluy-m%d2%afmkin/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз