pfcfeguq

ШҰҒЫЛ! COVID-19: Атырауда сақтық шаралары күшейтіліп жатыр…

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/21 қазан, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тиісті орган басшыларын жинап, коронавирустың екінші толқынына қатысты сақтық шараларын арттыруды тапсырды.

Жиында аймақ басшысы көптеген әлем елдері пандемияның екінші толқынына тап келгенін атап өтті. Бұған дейінгі тәжірибені негізге ала отырып, дайындық жұмыстарын ширатуды, сақтықты күшейтуді ерекше тапсырды. Облыс бойынша шілдеден бері жұмыс істеп келе жатқан 114 мобильдік топтың жұмысын жандандыруды жүктеді. 
Халыққа түсіндіру жұмыстарын арттырып, кәсіпкерлердің де сақтық шараларына тиянақты қарауы үнемі бақылауда болуы тиіс.

«Біз үшін әрібір азаматтың қауіпсіздігі маңызды. Маска тағуға бей-жай қарауға болмайды, ара қашықтықты сақтау, қаулының қағидаларымен жүру баршаға басты талап. Өйткені, қауіп әлі сейілген жоқ, бізге қазір босаңситын емес, керісінше қауіпсіздікті күшейтетін уақыт келді» деді облыс басшысы.        

Мобильдік топтар халыққа да кәсіпкерлерге де барынша қауіпті түсіндіріп, одан қалса ескерту жасауы керек. Ал заң талаптарын өрескел бұзатындар болса тиісті жазаға тартылуы тиіс.  

«Облыс бойынша пандемияның екінші толқынына әзірлік жұмыстарын қарқынды жүргізіп, дайындықты күшейттік. Өкінішке қарай, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында өңірдің Бас санитарлық дәрігері бекіткен қаулы талаптарын бұзу жайттары да бар. Қауіпті вирус салғырттықты көтермейді. Сондықтан әрбір азамат санитарлық талапты толық сақтағанда ғана оның таралуын толық тоқтатып, қауіптен аман шыға аламыз» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов. 

Өңірде 5 шілде мен 17 қазан аралығында арнайы құрылған 114 мобильдік топ 3315 тексеріс жүргізіп, 477 карантин талаптарын бұзу фактлерін анықтаған.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

whatsapp image 2020 10 20 at 20.41.44 4
whatsapp image 2020 10 20 at 20.41.44 3

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған