Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...

Біліммен шұғылданып, тəртіпке бас исек қана бəрін жеңеміз

Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. «Біз рухы мықты, небір қиындықтардан шыға білетін,  тарихы терең елміз.

Ендеше, Елбасы айтқандай, қазіргі сын сағатта да өз құндылықтарымызды жоғары қойып, оны жас ұрпаққа дарытып, біртұтас жəне мəңгілік ел болуға лайықты екенімізді танытайық!» дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Атырау облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Бақберген Қарабаев.

Елбасы «Бірлесе білген ел бəрін жеңеді» деген мақаласында, елге түскен індет қауіп қатер төндіріп отырған уақытта еліміз өзінің бірлігімен, беріктігімен қиындықты жеңетіндігін жеткізіп, халықты осындай ауыр нəубетке қарсы тұруда бекем болуға сенім жасады. Бұл үшін Қазақстанның саяси, əлеуметтік, экономикалық, мүмкіндіктерінің барын да атап өтті.

Себебі, Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы Ата Заңымыз Конституцияда   адам жəне оның өмірін екендігі атап көрсетілген. Сондықтан, құр айқайшылыққа жол бермей ғайбат пен байбаламға салынбай, оның орнына біліммен шұғылданып, тəртіпке бас исек қана бəрін жеңетінімізді атап көрсетті.

Əрбір адам өзіне, отбасына, жауапкершілікпен қарау керек. Себебі, ұлттың денсаулығы — мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан,  біз-бірімізге көмектесе отырып, осы ауыр індеттен шығу үшін бойымыздағы ізгі қасиеттерді дамыта отырып, оны ұрпаққа дарыту керек. Ынтымағымызбен бен ырысымыз, бірлігіміз бен тірлігіміз нығая берсін! — деді спикер.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/eki-adam-apparat%d2%9ba-%d2%9bosuly-atyrauly%d2%9b-d%d3%99rigerler-36-nau%d2%9basty%d2%a3-zha%d2%93dajy-turaly-ajtty/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button