Белгілі дәрігер Марат Шуақбаев коронавирустан қорғанудың жолдарын айтты
Дәрігер адамдардың кемінде 70 пайызы вакцина алмайынша, ауру үдей беретінін айтты.
Дүниені дүрліктірген ковидтен сақтану, оның алдын алуға байланысты облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы балалар блімінің меңгерушісі, фтизиопедиатр Марат ШУАҚБАЕВТЫҢ айтары бар. Онымен әңгімеміз елге ылаң салған инфекцияның қайдан келгеніне, оның тез таралуына қатысты өрбіді.
– Індеттің қайдан шыққандығы жайында ғалымдардың пікірі екіге жарылуда: бірі – табиғи, жарқанаттар арасында кеңінен таралған коронавирус адам ағзасына енген десе, екіншілері бұл – жасанды вирус, Қыт ай еліндегі америкалықт ардың көмегімен салынған вирусологиялық зертханадан «қашып» шыққан деседі. Соңғы пікір күн өткен сайын басымдыққа ие болып келеді. Не десе де, ол адамзат арасында бұрын таралмаған тажал екені анық. Ал, пайда болу себебін анықтау – алдағы уақыттың еншісінде.
– Өткен жылдың басында дəрігерлердің біразы «ковид вирусы ыстыққа шыдай алмайды, ауру бəсеңдейді» деген болатын. Бірақ ол жаз айларында бұрынғыдан да күшейіп кетті. Бұған қандай жағдай əсер етуі мүмкін?
– Адамдар арасында ауру туғызатын вирустардың өзіндік эпидемиологиялық ерекшеліктері бар. Олардың басым көпшілігі тұмау, паратұмау, құс тұмауы, шошқа тұмауы жəне басқа лары құст ардың маусымдық көшуіне байланысты туындайды. Басқаша айтқанда, көктем мен күзде көкте қиқулап əрлі-берлі ұшатын құстар сол вирустарды тасымалдаушы болып табылады. Жаз мезгілінде құс қонақтайтын аймақтарда жануарларға жұққан сол вирустар күз түсе адамзат арасында эпидемия туғызады. Ал, былтырғы маусым-тамыз айларында қазақстандықтар арасында үрей туғызған коронавирус толқынына бірнеше фактор əсер етті деп пайымдаймын. Яғни елде індетке қарсы дайындық шаралары өз деңгейінде жүргізілген жоқ. Қауіпті індеттен сақтануға байланысты халық арасындағы түсінік жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмады. Қажетті дəрілер қоймаларда жатқанымен, емдеу хаттамасына əлемдік, тіпті пандемия бізден ерте басталған көрші ел Ресей тəжірибесіне сай уақытылы толықтыру мен өзгертулер енгізілмеді. Жаттығу жұмыстары қағаз жүзінде ғана жүргізілді. Екінші жағынан, əлеуметтік желілерде теріс, кереғар пікірлер көптеп айтылып, соның əсерінен халықтың карантин шараларына деген көзқарасы мүлдем өзгерді. Көпшіліктің көңіліне қорқыныш, үрей кірді.
Дəрумен тапшылығы, əсіресе Д дəруменінің жетіспеушілігі орын алды. Ал, мұның өзі адам ағзасының иммундық жүйесін төмендетті. Маусым айындағы күннің жоғары инсоляциясы да өз əсерін тигізбей қоймады. Алғаш сырқаттанған адамдар бір апта бойы дəрігерге қаралмай, «тұмау» деп жүріп алған. Екінші аптада ғана дəрігерлік көмекке жүгінгенде оларды бұрынғы классикалық тəсілмен, яғни антибиотик, система, түрлі дəрумендермен үйлерінде емдеді. Ал, үшінші аптада демігіп, тынысы тарылып, жаны қысылғандар ауруханаларды толтырып жатты. Жасыратыны жоқ, олар сол кезде ауруханаларға өте ауыр халде жеткізілген болатын. Ауруларды емдеу хаттамасы дұрыс толтырылмады, дəрі-дəрмек, медициналық құрылғылар, оттегі, бұларға қоса сырқаттарды емдеп-күтетін дəрігерлер мен медбикелер жетіспеді.
– Мамандар «егер сырқат адамның тыныс алуы қиындамаса, үй жағдайында емделуге болады» дейді. Осы дұрыс па?
– Шетелдік жəне отандық сараптамалық мəліметтер бойынша, вирус жұқтырғандардың 70 пайызға дейінгісі сырқат белгісі жоқ немесе жеңіл белгілерімен ауырады, 15- 20 пайызы дəрігерлік көмекке жүгінеді, үй жағдайында емделуге болады, 10-15 пайызы ауруханалық көмекті қажет етеді деп есептеледі. Ол үшін алғашқы дəрігерлік жəне «жедел жəрдем» көмегі деңгейінде сапалы сұрыптау керек. Вирус жұқтырған адаммен алғаш кездескен медицина қызметкері оның болжамды жұқтыру орнын, жас ерекшелігін, қосымша сырқаттарын, дəрігерлік көмекке жүгіну мерзімі мен жағдайын, ПТР, КТ, тағы басқа зерттеу нəтижелерін сараптай отырып, медициналық болжам жасай білуі керек. Бұл – өте маңызды.
– Қауіпті кеселден кейінгі бір тəулікте елімізде 100-дің үстінде науқас өмірмен қоштасқан. Бұған қоса 7-8 мыңдай жаңа ауру анықталуда. Бұл жағдай қашанға дейін созылмақ?
– Əр эпидемияның немесе пандемияның өзіндік таралу ерекшелігі бар. Оны саралау, болжау – нағыз эпидемиологтардың еншісінде. Біздің елде де осындай білікті мамандар бар, соның бірі – Алмас Шарман. Ол – дүние жүзі мойындаған білімді де білгір маман. Оның пікірінше, коронавирус пандемиясы жер бетінде толқын түрінде таралып отыр. Əр толқынның ұзақтығы 72-75 тəулікті құрайды жəне вирустың жаңа қауіпті штамдары пайда болған сайын өзгеріп отыруы мүмкін. Біз басқа елдер сияқты пандемияның ІІІ толқынын бастан өткізіп жатырмыз. Əр толқынның басталу, шарықтау жəне бəсеңдеу кезеңі болады.
Мұны өткен пандемия толқындары да байқатты. Ал, оның қашанға дейін созылуы екі факторға байланысты: табиғи жəне жасанды түрде ұжымдық иммунитет қалыптастыру жылдамдығы. Бірінші жолы – барша халық вирусты толық жұқтырып, жоғарыда айтылғандай 70 пайызы жеңіл түрімен, 15-20 пайызы орташа ауыр түрімен, 10-15 пайызы ауыр түрімен, 2-3 пайызы ажал құшып, ұжымдық табиғи иммунитет қалыптастыру. Екінші жолы – тез арада, аз ғана уақыт ішінде халықтың 60-70 пайызына вакцина салу арқылы жасанды иммунитет қалыптастыру. Мұнсыз тұрақты жағдайды қалыптастыру əсте мүмкін емес.
– Айтыңызшы, ковидпен бір ауырған адамның екінші рет қайталап ауыруы мүмкін бе?
– Иə, мүмкін, бірақ ол өте сирек. Өйткені, адам ағзасы зауыттан шыққан машина немесе басқа тауар емес. Біз ұлт пен ұлысқа, нəсілге бөлінгеніміз сияқты біздің ағзамыз да сан алуан түрге бөлінген. Тіпті бір жұмыртқалы егіздердің де гендік құрылымы жағынан өзгешелігі болады. Адамзаттың бір ғасырда 1 млрд-тан 8 млрд-қа жету ерекшелігі де оның əртүрлілігі мен қоғамдық ортаға бейімделу үшін өзгергіштігінде емес пе?! Ендеше, неге адамдардың иммундық жүйесі бір типтес болуы керек? Олар да əр түрлі. Яғни сырқаттанып кеткендерде неме се вакцина алғандарда иммунитеттің қалыптасу деңгейі мен оның тиімділігі сан алуан: біреулерде өмір бойы, біреулерде əртүрлі мерзімге уақытша иммунитет қалыптасады, ал кейбір адамдарда иммундық жүйе бұл қақтығыстан мүлде тыс қалады.
– Куə болып жүргеніміздей, екпенің бір, тіпті екі дозасын алған адамдар да ауырып жатыр. Бұған не дейсіз?
– Ешқандай екпе «100 пайыз иммунитет қалыптастырады» деген кепілдік бермейді. Оның бір себебі жоғарыда айтылған ерекшелікте болса, оған қоса вирустың штамдары да өзгеріп отыр. Қараңыздар, екі жылға жетпейтін уақыт та ғалымдар латын əріптерімен таңбалаған «альфа», «бета», «гамма», «дельта», «лямбда» штамдары пайда болды. Бұл көп пе, аз ба? Əрине, бұл тұмау вирусымен салыстырғанда аз да, полиомиелит, паратұмаумен салыстырғанда көп. Яғни бəрі салыстырмалы түрде. Вакцина алғандардың кейбірінің ауырып қалуының тағы бір себебі – штамм ерекшелігінде. Мысалы, сырқаттанып қалу үшін адам ағзасына «дельта» штамының Қытай штамымен салыстырғанда 10 есе аз мөлшері енсе жеткілікті. Көңіл бөлетіні, ауруханада жатып шыққандардың 99,9 пайызы – екпе алмағандар. Қараңыз, вакцинаның тиімділігін осының өзі дəлелдеп тұрған жоқ па?!
– Белгілі профессор Алмаз Шарманға тағы оралайық. Ол əлемде əртүрлі вакцинаны ара ластырып а лу тəжірибе сі бар екенін айтты. Мəселен, Германия канцлері Ангела Меркель бастапқыда «Astra Zeneca» вакцинасының 1-ші дозасын, кейін «Moderna» вакцинасының 2-ші дозасын алған. Қазақстандықтарға да солай істеуге бола ма, оның адам ағзасына теріс əсері болмай ма?
– Бұл – жасанды иммунитет қалыптастырудың негізі ережелерінің бірі. «Спутник V» мен «Astra Zeneca» вакциналарының бірінші жəне екінші дозалары түрлі. Əр вакцинаның антигендік құрамы бөлек. Демек, түрлі вакцина адам ағзасына қоздырғыштың сан қырын танытып, таныстыра алады деген сөз. Менің еркіме салса, тезірек осындай ереже қабылдап, қандай вакциналарды алуды адамдардың еркіне салар едім. Өзім «Спутник V» вакцинасын алдым, алты айдан соң «QazVak» немесе тағы басқа вакцина алғым келеді.
– Өзіңіз күнбе-күн науқастардың ортасында жүресіз. Қазіргі жағдайды көзбен көріп отырсыз. Коронавирус, əсіресе, қай жастарғыларға қиындық келтіріп жатыр?
– Əрине, қосымша ауруы барларға , науқаспен тығыз қатынаста болып, вирустың көп мөлшерін қабылдағандарға салмақ түсіп отыр. Айта кетерлігі, жастарда, əсіресе, балаларда сырқат белгісі көп білінбей, жеңілдеу түрде өтіп жатыр. Біз біреуді қорқытып, үрейлендіргіміз келмейді. Расында, қазіргі эпидахуал сын көтермейді. Ауруханалар палаталары аурудан лық толы. Өкпелері зақымданып, содан тыныс ала алмай жатқан адам қаншама? Ковидтың мұндай соққысын өз көзімен көріп жүргендер ғана бұған сене алады. Ал, көпшілік арасында əлі де болса күмəнді оймен жүргендер бар. Өкінішті, əрине. Мұндайда індетке қарсы жұдырық болып жұмылуымыз керек.
– Халық əлі де бейқам ба? Дəрігер ретінде оларды неден сақтандырғыңыз келеді?
– Халық бейқам емес, олар сан алуан қорқыныштың ортасынан шықты. «Қуа берсең, қоян да батыр болады» дегендей, еркіне салсаң, тойын тойлап, құдасын шақырып, басқа да көпшілік жиналатын шараларды жасап жүре бермекші.
Ең қауіптісі де – осында. Ал, коронавирусқа керегі сол. Оның мақсаты – адамзатты қырып салу емес, бір ағзада көбейіп, екінші ағзаға жұғып, осылайша «ұрпағын» жалғастыра беру. Екпе алудың толық қауіпсіз екенін, оны алу арқылы адам тек өзін ғана емес, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін, вакцина алған адамның аурудың ауыр түрінен сақтанатынын, бір сөзбен айтқанда, ауруханада жөтел қысқанда кеудеңізді керіп терең тыныстай алмаған сəтіңізден қиын нəрсе болмайтынын тағы бір мəрте еске салғым келеді. Сақтанып жүріңіздер, жерлестер, ауырмаңыздар !
Лиза Сейтімова