Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...

Бекшин омикронға болжам жасады: «Келетіні анық…»

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин омикрон штамы Қазақстанға келуі уақыттың еншісінде екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

  • Шынымен де, бұл респираторлық вирустық инфекция. Сондықтан барлық БАҚ өкілдері оның таралу жылдамдығы жоғары екенін жазып жатыр. Соңғы үш аптада 57 елге жетіп үлгерді, — дейді Жандарбек Бекшин.

Ол бұл вирустың Қазақстанға қашан келуі мүмкін деген сұраққа да жауап берді.

  • Бұл енді уақыттың еншісінде. Бірақ Қазақстанға келетіні анық. Өйткені вирус өте кішкентай. Оған қарсы тұру қиын. Сондықтан ПТР-тест тапсыруға тырысамыз, — деді қаланың бас санитары.

Ол омикрон штаммы табылған Еуропа, Африка құрлығынан елге келіп жатқан отандастарымызды 7 күнге карантинге жатқызу қажеттігін айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button