Барлығы 60: Теңіз кенішіндегі жұмысшының қанша адаммен байланыста болғаны анықталды

a6d8ecc0b8747fb7c28e0d64c7dfcbe8 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. Теңіз кен орнындағы Covid-19 жұқтырған вахта қызметкері  10 адаммен байланыста болған.

Сонымен қатар,  дәрігерлер науқаспен байланыста болуы ықтимал  50-ден астам адамды анықтады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Танбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Ватернас»  вахталық қалашығында 50 жастағы қызметкермен тығыз байланыста болған 10 адамға сынама тест жасалды. Қазіргі таңда олар оқшауландырылып, стационарға орналастырылды.
Сондай-ақ, науқаспен ықтимал байланыста болған 50-ден астам адам  оқшауланған.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің қоғаммен  байланыс жөніндегі  бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта Теңіз кен орнынан  шығу шектелді, тек жүк көліктері мен қажетті тауарлар бар көліктердің  кіру мүмкіндігі бар.  Жүргізушілер күшейтілген тексерістен өтуде.

http://atr.kz/bez-rubriki/eki-adam-apparat%d2%9ba-%d2%9bosuly-atyrauly%d2%9b-d%d3%99rigerler-36-nau%d2%9basty%d2%a3-zha%d2%93dajy-turaly-ajtty/

– ТШО компаниясы алдыңғы кезекте  – кәсіпорындағы санитарлық-гигиеналық шараларды күшейту міндетін қарастырып отыр.  Қызметкердің вирус  жұқтыру фактісі өндіріс процесіне әсерін тигізбеді.  ККЖ жұмысы штаттық режимде жалғасуда, сондай-ақ, індет жұқтыру қаупі жоғары топқа жататын қызметкерлер кен орынынан шығарылуда, – деді Рзабек Артығалиев.

Айта кетейік, Теңіз кен орнының кіре берістерінде төрт санитарлық пост орнатылды. Барлық өндірістік нысандарды жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, термометрлік бақылау арттырылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз