COVID-19: Соңғы поштадан...
Атырауға қараша айының соңына дейін Pfizer вакцинасы жеткізіледі
Облысқа кезең-кезеңімен I-ші және II-ші компонентті жаңа вакцинаның 153 270 дозасы әкелінеді — деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен өңірлік штаб отырысында айтылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес Pfizer вакцинасын 12 мен 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және лактация кезіндегі әйелдерге салу жоспарланған.
Айта кетейік, қараша айының 3-де өңірімізге Дүнежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының 6 өкілі арнайы келіп, жергілікті дәрігерлерге Pfizer вакцинасының қажеттілігі және қолданылуы туралы кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізді. Оған аудан дәрігерлері де қатысты.